Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма: Сауда министрлігі жауап берді

13.04.2022

1215 0

Сауда және интеграция министрлігі доллар бағамы түскеннен кейін азық-түліктің төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, наурыз айында доллар күрт көтерілгеннен кейін халық дүрлігіп қалды. Көбісі жаппай дүкенге жүгірді. Сұраныс бірден жоғарылады.

Содан сауда желілері де бағаны көтере бастады. Себебі сатып алынатын тауарлар қымбаттайды деп кауіптенді.

«Қазір доллар артқа қарай шегінді. Бірақ естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Меніңше, бәрі орнына келеді, баға да бірдіндеп төмендей бастайды», – деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосады.

«Енді біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Өйткені мораторий бар. Бірақ қазір республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде «Алтын орда» базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сондықтан баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді», – деп атап көрсетті комитет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: