Сәрсенбі, 01 сәуiр, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Доллар неге арзандады: Ұлттық банк төрағасы себебін түсіндірді

01.04.2026

44 0

Фото: shutterstock

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұлттық валюта нығайып, доллардың айтарлықтай арзандау себебін түсіндірді. Бүгін доллар 2024 жылғы жаздағы бағамға қайта оралды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Теңге неге нығайды

1 сәуірде түскі сағат 12:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар шамамен 474 теңгеден саудаланып жатыр. Ұлттық валюта бір айдың ішінде шамамен 25 теңгеге нығайды.

Доллардың едәуір арзандау себебін журналистер сейсенбі күні парламентте баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасынан сұрады.

«Теңге нығайып жатыр. Оның себебін экономика негізімен түсіндіруге болады. Қазақстанның экспортқа шығаратын басты өнімі – мұнай қымбаттап жатыр. Экспорттық түсімнің жартысынан астамы содан тұрады. Өндіріс көлемі сол күйінде қалса, баға көтеріліп жатыр. Соған байланысты доллар бағамы да төмен болады», – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, наурыз айында мұнайдың әлемдегі бағасы Ирандағы соғысқа байланысты айтарлықтай көтерілген. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 120 долларға дейін жеткен. Дегенмен бүгін оның айтарлықтай арзандағанын көріп жатыр. 1 сәуірде сағат 12:00-де Brent шамамен 99 доллардан саудаланып жатыр. Осының алдында ғана АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғыс қашан аяқталатынын айтқан.

Доллар сатып алу керек пе?

Ұлттық валюта нығайып, доллар арзандаған уақытта қазақстандықтар не істеуі керек? Журналистер осы сауалды ҰБ төрағасына да қойды.

«Біз валютаны сақтау-сақтамау туралы инвестициялық кеңес бере алмаймыз. Бір ғана айтарым – теңге өзінің тұрақтылығын көрсетті», – деп жауап берді Сүлейменов.

Бұған дейін елдегі бірқатар сарапшы маңызды саяси науқандар аяқталған соң доллар қайта қымбаттап кетуі мүмкін деп топшылаған. Алайда ҰБ басшысы мұндай долбарға негіз жоқ деп санайды.

Айта кетейік, Ұлттық банк төл теңге бағамын ұстап тұру үшін 2025 жылы шамамен 7 млрд доллар жұмсап, биыл шамамен 9 млрд доллар шығындауды көздеп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: