Қазақстан Ұлттық банкі 4 желтоқсанда валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарлама жариялап, 2025 жылғы қазаннан бастап теңге бағамының тұрақты нығаюы жүріп жатқанын атап өтті. Реттеушінің мәліметінше, ұлттық валюта бағамы 9% -ға өсіп, 1 доллар 499-500 теңгеге дейін төмендеді. Алайда, нарықтағы баға қаз-қалпында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Экономикадағы мұндай жағдайды, сарапшылар «кері храповиктің тетігі» деп атайды екен. 2022 жылы Ұлттық банк 2022 жылы доллар бағамы мен инфляцияға қатысты осы әсердің бар екенін мойындады. Бағалар теңгенің өсуі мен құлдырауына асимметриялы әсер етеді. Ұлттық валюта әлсіреген кезде бағалар күрт өседі. Ал нығайғанда – төмендемейді.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов апта басында біркелкі қатаң саясат инвесторлардың сенімін арттырғанын, теңгелік құралдардың нақты кірістілігі өскенін айтса да, 500 теңгеге дейін төмендеп кеткен доллардың бағаға әсер ете алмай отырғанын түсіндіріп бере алмады.
Сарапшылардың сөзінше тауарлардың құны долларға байланып қалған. Доллардың құнсыздануы импорттық тауарлар мен шикізаттың бағасын көтереді, бұл отандық өндірушілер үшін инфляция мен шығындардың өсуіне, демек, жергілікті тауарлардың қымбаттауына алып келеді. Экономистердің айтуынша бағам тұрақталса да, шығындар өсті: жалдау, логистика, жалақы, сатып алу. Валюта бағамы арасындағы емес, сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықты өтеу үшін олар бірінші кезекте тауардың бағасын көтереді. Бір тауардың өзіндік құны мен үстеме бағасы арасындағы айырмашылық бірнеше есе көп екенін сарапшылар жиі айтады. Бірақ қазіргі жағдай қазір ақша-кредит саясатында ілгерілеуге мүмкіндік беретіні айтылып жатыр. Курс әлі де болса қалыпты жағдайға өтуге ыңғай танытып жатыр.
Қаржы сарапшысы Айдархан Құсайыновтың айтуынша АҚШ долларының оңтайлы бағамы қандай болуы керектігі туралы айту қиын. Бұл мәселе Ұлттық банктің бақылауында. Ұлттық банк басшылығы алдағы бірер базалық мөлшердемеде біраз уақытқа дейін өзгеріс жоспарланбағанын айтты. Демек, Ұлттық банк доллардың тым құнсызданып кетуіне жол бермейді, инфляцияның төмендеуіне сенбейді.
Біздің елдегі баға саясаты толыққанды жетілмегенін, теңгенің тауарға әсер ету құны өте әлсіз екенін сарапшылардың біразы айтады. Мысалы, 2023-2024 жылдары теңге 480-ден 435-440-ға дейін нығайып, 7-8 ай бойы сақталған кезде де баға шегінбей, сол қалыпта қатып қалды. Сол кезде мұның себебі теңгенің айырбас бағамының өсуі мен құлдырауына бағаның асимметриялық реакциясы деп баға берген. Яғни теңгенің әлсіреуі бағаның статистикалық тұрғыдан айтарлықтай өсуіне алып келеді, бірақ оның нығаюы инфляцияға әсер етпейді. Бұл бағаны кері айналдыру үшін курс кем дегенде бір жыл бойы мықты болуы қажет.
Сарапшы түсіндіріп өткендей, теңгенің нығаюы 10 пайыздан кем. Импорт ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде алыс жерлерден тасымалданады. Демек баға доллардың бағамдық ауытқу мөлшеріне емес, олардың ұзақтығына байланысты болатынына сенімді. Шетел валютасындағы уақытша өзгерістердің бағаға әсері аз. Ең жақсы жағдайда қымбатшылықты біраз уақытқа дейін кейінге қалдырады. Халықтың психологиясы импортерлердің пайдасына жұмыс істеп тұр. Экономикалық ресурстардың әлсіздігі нарықта алдын-ала болжауға мүмкіндік бермейді. Экспортқа бағдарланған ел болғандықтан, шикізатты долларға сатамыз, бізге теңгенің қуатты болуы тиімсіз.
«Алдағы уақытта теңгеге қосымша дем беретін қуатты экономикалық ресурстарды көріп тұрған жоқпын. Қазір Ұлттық банкке долларды аздап сату керек. Нарыққа басы артық қаржы кірсе, инфляция басталады. Бірақ доллар 470-480 теңгеге дейін төмендеп кетпейді. Дәл қазір 470 теңгелік бағамды ұстап тұру нарыққа салмақ салады», дейді сарапшы.
Сарапшының болжамынша 2026 жылы теңгенің тағдырына кері әсер ететін факторлар әлсіз. Мұнай арзандап, геосаяси тәуекелдер жоғары. Сондықтан біз 2026 жылдың көктемін доллар бағамын 530 теңгелік көрсеткішпен қарсы алуымыз мүмкін.
«Ұлттық банктің теңге бағамына қатысты шешіміне нарықтың психологиясы да әсер ететінін көріп жүрміз. Алдағы берер айда 500 510 диапазонындағы бағамды ұстап, содан кейін 520 теңгелік көрсеткішке тоқтағаны ақылға қонымды саясат», дейді Айдархан Құсайынов.
Келесі сарапшы Арман Бейсембаевтың айтуынша өндіріс ошағы Қазақстанда болса да тауар құрамы импорттан тұрады. Теледидар елде шығарылса да микро чиптер Қытайдан келеді. Дәрі-дәрмектерімізге Үндістанның субстанциялары керек. Тіпті косметикамыздың шикізаты да Қытай мен Үндістаннан жеткізіледі. Химия өнеркәсібі өнімдері мен каучук (19%) және азық-түлік
тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаты (13%) -импорт. Екінші себеп – инфляциялық инерция. Бұрынғы бағаларды сақтай отырып, валюта құнының құлдырауына қарамастан, бизнес тәуекелдерден сақтандырылады. Тәуекелдің құбылмалылығы жағдайында өндірушілер мен кәсіпкерлерде теңгенің тұрақтылығына сенбейді. Қазір Apple iPhone 17 ұялы телефонының нарықтағы орташа бағасы 525 000 теңге. Техника өндірушілер өздері бар әрбір елде белгілі бір бағаны белгілейді. Доллардың қазіргі бағасы АҚШ экономикасына жұмыс істеп тұр. Себебі тұтынушылары үшін доллардағы тауарлар арзандап, АҚШ-тың экспорттық тауарлары үшін қымбаттар жатыр.
«Бұл жерде тауардың бағасы кедендік баждар мен салықтарға байланысты. Егер АҚШ-тан 300 мың теңгеге сатып алсақ, елде кедендік баж салығы мен ҚҚС төлеген кезде 525 мың теңгеге жетуі мүмкін. Демек бізде бағаға тек доллар ғана емес, біздің елге жеткізілгенге дейінгі факторлардың бәрі әсер етеді», дейді Арман Бейсембаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
