Жұма, 02 қаңтар, 19:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?

02.01.2026

59 0

Фото: Ашық дереккөз

Елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қолға алынғанына екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ел тұрғындары 28 млн доллардан астам қаражатты тиімді пайдаланып үлгерді. Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарлама шарты бойынша, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы кәмелетке толмаған балалардың арасында тең бөлінеді. «24KZ» телеарнасының мәліметінше, игерілген қаржының басым бөлігі, атап айтқанда, 18 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал қалған 10 млн доллар білім ақысын төлеуге жұмсалған.

Болат Шаяхметов қаражаттың есептелу тәртібін былайша түсіндірді:

«Сома Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық табысының 50%-ы негізінде қалыптасады. Ол 31 желтоқсанға дейін 18 жасқа толмаған балалардың санына бөлінеді. Заңнама бойынша бұл қаражатты қолма-қол алуға тыйым салынған, тек білім алу немесе баспана жағдайын оңалту мақсаттарына ғана аударуға болады», деді ол.

2023 жылы әр баланың еншісіне 100 доллардан сәл асатын қаржы тисе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 129 долларға жеткен. Екі жыл ішінде банктерге 200 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 188 мыңы мақұлданған

«Ұлттық қор – балаларға»: Кәмелетке толғандарға 22,29 млн доллардан аса қаражат берілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: