Сәрсенбі, 01 қазан, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Екінші АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды

01.10.2025

43 0

Фото: pixabay.com

Елімізде екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы мүмкін. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысындағы Жамбыл ауданында екі атом электр станциясы (АЭС) құрылуы мүмкін. Бірінші АЭС-тің ықтимал орны ретінде Үлкен ауылы аталды, ал екінші станцияның нақты орны әлі анықталмаған.

АЭС құрылысы үшін келесі орын ретінде Алматы облысындағы Жамбыл ауданы таңдалды. Бұл дегеніміз, екінші станция да еліміздің оңтүстігінде орналасады. Оңтүстік өңірінің электр энергиясына сұранысы жоғары екені белгілі. Қазіргі таңда бұл аймаққа электр энергиясы “Солтүстік–Оңтүстік” транзиті арқылы жеткізіледі. Біз процестің барлық қатысушыcымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: