Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды, – деп хабарлайды KAZINFORM
— 2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды, — делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Олардың ішінде:
тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;
білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.
— Нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады, — делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
