Жұма, 14 қараша, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Елдегі кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,3 млрд теңге жалақы төлемеген

14.11.2025

48 0

Фото: Ерлар Омар

1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 394 кәсіпорны 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 6,5 мыңнан астам дерегі тіркелгенін хабарлады. 

«Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 369 ұйғарым берілді және 428,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 9,6 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд теңге төленді», делінген хабарламада.

Ведомство еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ерекше назарда ұстап отыр. 2025 жылғы 1 қарашаға дейін еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізіп, 6 571 заңбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде еңбек саласында – 5 427; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 111; халықты жұмыспен қамту бойынша – 33.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: