Жексенбі, 24 қараша, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде пәтер бағасы қымбаттады

11.07.2023

1855 0

Қазақстанда пәтерлерді жалға алу бағасы 26,8%-ға өсті. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюро ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы маусымда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 5%-ға өсті.

Жаңа үйлердегі пәтерлер Павлодарда (+18,1%), Ақтауда (+18%) және Семейде (+16%), қайталама нарықта – Семейде (+29,9%), Ақтөбеде (+22,4%) өсті.

Жалға берілетін тұрғын үйге келетін болсақ, бір жыл ішінде оның бағасы Көкшетауда (+45,5%), Петропавлда (+41,5%), Ақтауда (+41,1%) және Алматыда (+38,8%) өскен. 

Маусым айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелді, оның ішінде 21 993 пәтер және 7 887 жеке тұрғын үй. Мамыр айымен салыстырғанда транзакциялар саны 16,8%-ға өсті, олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді. Қазақстанда көбіне екі бөлмелі пәтерлер жиі сатылады. Жалпы, жыл ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7%-ға қысқарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: