Сейсенбі, 18 қараша, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Еліміздің 10 өңірінде инфляция баяулады

18.11.2025

48 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 12,6%-ға дейін төмендеді, ал қыркүйекте ол 12,9% болған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банктің дерегінше, баға өсімінің баяулауы 10 өңірде байқалды, ал 6 өңірде инфляцияның жеделдеуі тіркелген, тағы 4 өңірде көрсеткіш өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есепте 13,5%-ға өсті (қыркүйекте – 12,7%). Ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 16,7%, ең төмені – Алматыда (10,4%). Бұл санаттағы бағаның жылдық өсімі 11% болды (қыркүйекте – 10,8%). Ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында – 14%, ең төмені – Алматыда (8,5%).

Ақылы қызметтер саласындағы инфляция айтарлықтай баяулап, жылдық мәнде 12,9%-ға дейін төмендеді (өткен айда – 15,3%). Қызметтердің ең төмен өсімі Қызылорда облысында тіркелді (8,6%).

Қазан айында еліміздегі айлық инфляция 0,5% болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: