Сейсенбі, 18 қараша, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Енді қарызды бір күн кешіктірген азаматтарға несие берілмейді

18.11.2025

49 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Енді қаржы мекемелері берешекті бір күн кешіктірген азаматтарға несие бермейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушы несиесін шектеуді көздейтін қаулы қабылдады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құжатта кейінгі 12 айда 90 күн төленбеген қарызы бар азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделген. Мұндай шара тұрғындардың берешегі шамадан тыс көбейіп кетпес үшін жасалып отыр.

Агенттік кепілсіз кредит қандай жағдайда берілмейтінін түсіндірді:
* банкке қарыз 30 күннен асса, микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде;
* 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кейінгі 36 айда негізгі борыш және сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде;
* кейінгі 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Мұндай өзгеріс келесі аптада, яғни 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: