Сейсенбі, 04 қараша, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Енді салықтық процестер алты есе тиімді жұмыс істейді

04.11.2025

71 0

Фото: ОКҚ

Жаңа жүйе салық операцияларын бірнеше есе жылдамдатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде салықтық әкімшілендіру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Бұрын жеке-жеке жұмыс істеген жеті ақпараттық жүйе енді бір платформаға біріктірілді. Қаржы вице-министрі Әсет Нұрланұлы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында платформа арқылы көрсетілген нәтижелермен бөлісті.

Біз бюрократиядан жылдамдық пен нақтылыққа өттік. Қазір салықтық процестер алты есе тиімдірек жұмыс істейді. Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу арқылы операциялық күн 18 сағаттан 3 сағатқа дейін азайып, онлайн төлемдер 15 минуттан 1 минутқа дейін төмендеді. Құжаттарды өңдеу 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарса, салық төлеушілердің бұғатталған шоттарын онлайн режімде шешу жолға қойылды, – деді ол.

Сондай-ақ, жүйеде «Қалпына келтіру және банкроттық» модулі іске қосылып, прокуратура, сот және банктер арасындағы процестер толық цифрландырылғанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: