Бейсенбі, 20 қараша, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Ең төменгі жалақы мөлшері қайта қаралады

20.11.2025

51 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкімет ең төменгі жалақыны есептеу тәсілін қайта қарауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Шын мәнінде, ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін қайта қарап алу қажет. Бізде орташа жалақы бар, медиандық жалақы бар. Кейбір сарапшылар ең төменгі жалақы медиандық жалақының шамамен 45–50 пайызы болуы тиіс деп есептейді. Осындай тәсілдердің барлығын реттеп, жүйеге түсіру керек. Бір нәрсені көтеріп, екіншісін өзгертпей қою дұрыс емес. Мұны жоспарлы негізге қойған жөн, – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, жаңа әдістемені енгізу үшін фискалдық консолидация қажет.

Яғни бюджет кірістерін арттыру, тиімсіз шығыстарды қысқарту керек. Бүгін Премьер-министр бұл жұмыстың қалай жүргізілетінін атап өтті. Сондықтан алдымен 2026 жылдың бірінші жартысында салық және бюджет реформасының іске асуын көреміз. Сол кезеңде 2027–2029 жылдардың бюджетіне кірісеміз, ЕТЖ мәселесі де сол уақытта қаралады, – деп түсіндірді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: