2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін қазақстандықтардың басым бөлігі шығыны артқанын мәлімдеген. Бұндай нәтижені 5-15 ақпан аралығында DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама көрсетті, – деп хабарлайды kursiv.media
Сауалнама нәтижесі
Зерттеу дерегіне сәйкес, респонденттердің 77,6 пайызы шығыны өскенін айтқан. Оның 54,4 пайызы шығын айтарлықтай артты десе, 23,2 пайызы аздап көбейгенін көрсеткен. 16 пайызы шығын өзгермегенін айтса, 6,3 пайызы жауап беруге қиналған.
Шығынның артуы азаматтарды үнемдеуге мәжбүрлеген. Ең алдымен азық-түліктен (44,5%), киім мен аяқ киімнен (36,1%), жеке көлікпен және таксимен жүруден (28,3%) үнемдей бастаған.
Қазақстандықтар үнемдеуге мәжбүр болдық деп көрсеткен келесі салалар мынадай:
- кафе, мейрамхана, жеткізу қызметі – 25,8%;
- көңіл көтеру және демалыс – 23,2%;
- коммуналдық қызмет – 20,4%;
- дәрі-дәрмек және медицина қызметі – 20,2%.
Тағы 24,2 пайызы ештеңеден үнемдеп жүрген жоқпын деп жауап берген.
Азаматтар не дейді
Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін азаматтар басқа да қиындықтарға тап болған. Атап айтқанда:
- тауар және қызмет бағасының өсуі – 53,8%;
- қаржы тұрақтылығын ойлап уайымдау – 26,3%;
- жаңа салық ережесінің қиындығы – 16,2%;
- нақты табысының төмендеуі – 15%;
- жұмысымнан айырылып қаламын деген қауіп – 5,1%.
Респонденттердің 16,6 пайызы ешқандай қиындық туған жоқ десе, 11,4 пайызы жаңа Салық кодексі туралы ештеңе естімеген.
Ал «ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі тұрмысқа қалай әсер етеді?» деген сұраққа қатысушылардың 65 пайызы жағдайымыз нашарлайды деп жауап берген. Тек 8,2 пайызы өмірі жақсарады деп санайды.
Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында жүргізілген сауалнамада да азаматтардың басым бөлігі салықтың көтерілуі өмір сапасына кері әсер етеді деп болжаған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
