Сейсенбі, 25 қараша, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

ХВҚ Қазақстандағы инфляция мен тапшылық тәуекелі туралы ескерту жасады

25.11.2025

36 0

Фото: aa.com.tr

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2025 жылы Қазақстан экономикасының 6% өсетінін болжап отыр, бірақ инфляцияның 13%-ға дейін өсу қаупі бар екенін және тапшылық тәуекелінің ықтималдығын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қараша айында Қазақстан билігімен консультациялар өткен. консультациялар қорытындысы бойынша айтқанда, мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы және ішкі сұраныстың жоғары болуы экономикалық белсенділікті арттырады. Алайда мұндай өсу – тапшылық тәуекелінің ықтималдығы мен инфляциялық қысымның күшеюіне алып келуі мүмкін.

Tengenomika телеграм арнасы деректеріне сәйкес, 2026 жылы өсім 4,5%-ға дейін баяулайды, ал инфляция 11%-ға төмендейді деп күтіліп отыр. Орта мерзімді перспективада экономикалық өсім 3,5% деңгейінде тұрақталуы мүмкін, ал инфляция 5% мақсатты дәлізге оралады.

ХВҚ атап көрсеткен сыртқы тәуекелдер:

– негізгі сауда серіктестерінің сұранысының төмендеуі

– әлемдік мұнай бағасының құлдырау ықтималдығы

– экспортта үзілістер туындауы

Ішкі қауіптер:

– инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуындағы кідірістер

– бюджет шығыстарын бақылаудың әлсіздігі

– мемлекеттік кәсіпорындар шығындарының тым жылдам өсуі

ХВҚ ақша-кредит саясатын әрі қарай қатаңдатуды ұсынды. Қазірдің өзінде базалық мөлшерлеме көтеріліп, банктер үшін резервтік нормативтер арттырылды. Сондай-ақ өтімділікті басқару үшін қысқа мерзімді құралдарды – Ұлттық банктің ноталарын және қазынашылық вексельдерді белсендірек қолдануды ұсынды.

Фискалдық саясат

Фискальдық саясат бойынша Қор 2026 жылы мұнайға қатысы жоқ бюджеттік тапшылықты қысқарту жоспарын және жаңа Салық кодексін дайындау жұмысын оң бағалады. Бірақ мемлекеттік сектордың квазифискалдық операцияларын шектеу, Ұлттық қордан берілетін трансферттерді бақылауды күшейту және нақты қарызға қатысты ережелер енгізу қажеттігін атап өтті.

ХВҚ бағалауынша, Қазақстанның қаржы жүйесі тұрақты, бірақ тұтынушылық  несиелеудің тым жылдам өсуі алаңдаушылық тудырады, оған байланысты үй шаруашылықтарының қарыздары туралы деректерді жинау және жариялау жүйесін күшейту, сондай-ақ мақсатты реттеу шараларын әзірлеу қажет.

Тұрақты экономикалық өсім үшін ХВҚ құрылымдық реформаларды жеделдету қажет деп санайды:

– экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту,

– жеке секторды дамыту,

– бизнестің құқықтық қорғалуы мен инвестклиматты жақсарту,

– жекешелендіруді ілгерілету.

Сонымен қатар ХВҚ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру және инфрақұрылымға инвестицияны жалғастыруды ұсынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: