Сәрсенбі, 28 қаңтар, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Инвесторлар алаңдаулы: доллар 2022 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті

28.01.2026

58 0

Фото: shutterstock

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты 2022 жылдың наурызынан бергі ең төменгі деңгейге дейін құнсызданды. Бұл инвесторлардың АҚШ-тағы саяси және қаржылық тәуекелдерге алаңдауымен байланысты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Bloomberg агенттігі есептейтін Bloomberg Dollar Spot Index (BBDXY) бір күнде 0,4%-ға төмендеп, доллардың қатарынан төртінші күн әлсірегенін байқатты. Әсіресе америкалық валюта жапон иенасына қатысты қатты арзандаған.

Сарапшылар доллардың әлсіреуін Вашингтондағы саясаттың болжап болмайтын сипат алуымен байланыстырады. Атап айтқанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемелері, Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) тәуелсіздігіне төнуі мүмкін қауіп, бюджет тапшылығының ұлғаюы және ел ішіндегі саяси поляризация инвесторлардың сенімін әлсіреткен.

Сонымен қатар нарықта АҚШ билігінің иенаны қолдау мақсатында интервенция жүргізуі мүмкін деген қауесет күшейген. Бұған Нью-Йорк Федералдық резерв банкінің қаржы ұйымдарымен доллар мен иенаның айырбас бағамы бойынша байланысқа шығуы себеп болған.

Долларға қысым жасайтын тағы бір фактор — ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің өкілеттігі 2026 жылдың мамырында аяқталуына байланысты жаңа басшыны таңдау мәселесі. Нарық қатысушылары келесі төраға пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бейім болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Бұдан бөлек, АҚШ-та үкімет жұмысының уақытша тоқтап қалу қаупі де сақталып отыр. Егер Конгресс 30 қаңтарға дейін мемлекеттік шығыстар туралы заң жобасын қабылдамаса, елде бюджеттік дағдарыс туындауы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Федералдық резерв жүйесінің 28 қаңтардағы отырысынан кейін валюта нарығындағы құбылмалылық күшеюі ықтимал. Бұл жағдай доллар бағамына қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Бұған дейін Қаржыгер Ғалым Құсайынов доллар сатып алуға қолайлы уақыттты айтқан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: