Сәрсенбі, 05 қараша, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ипотека мөлшерлемесі төмендетіле ме?

05.11.2025

52 0

Фото: pixabay.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлемені төмендету туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін қабылданған заңдар нәтижесінде тұтынушылық несие мөлшерлемесі 46%-ға дейін, ипотекалық несие мөлшерлемесі 25%-ға дейін төмендетілген.

Сонымен қатар Адамбеков қаржы нарығына жаңа банктердің, оның ішінде шетелдік ұйымдардың кіруі жеңілдеп жатқанын атап өтті.

Енді банктерге лицензия беру жүйесі тағы жеңілдеп жатыр. Осы өзгерістер бәсекелестікті арттырып, несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге әсер ете ме? Тұтынушылық несиелер бойынша мөлшерлемені 35%-ға, ал ипотека бойынша 25%-дан төмендету мәселесін қарастыру қажет деп ойламайсыз ба? – деді депутат.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, агенттік соңғы жылдары несиелердің шекті мөлшерлемесін айтарлықтай төмендеткен.

Былтыр қабылданған заңнан кейін кепілсіз тұтынушылық несиелердің ставкасы 56%-дан 46%-ға, ипотекалық несиелердің ставкасы 30%-дан 25%-ға, ал кепілді несиелердің ставкасы 45%-ға дейін төмендетілді, – деді агенттік төрағасы.

Биыл ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме 20%-ға дейін төмендетілгенімен, қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген, бұл өз кезегінде банктердің ипотека беруді уақытша тоқтатуына себеп болған.

Сол себепті біз 20% шекті мөлшерлеме нормасын 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарттық. Осы уақытқа дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жаңа әдістеме әзірлейміз. Ол бастапқы жарна көлеміне қарай сараланған ставка түрінде бекітіледі, – деді Әбілқасымова.

Агенттік басшысы қазіргі таңда тұтынушылық несиелердің орташа нарықтық мөлшерлемесі 35-36% деңгейінде екенін атап өтті.

Біз жаңа әдістеме әзірлеп, нарықтағы бәсекелестікті арттыру есебінен бұл ставкаларды төмендетуге болады, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: