Сәрсенбі, 05 қараша, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ипотекалық несие нарығында не өзгереді?

05.11.2025

51 0

Фото: vk.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында ипотекалық несиелер бойынша қандай өзгеріс болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме 20%-дан жоғары болмауы тиіс.

Ипотекалық несиелер бойынша 20% мөлшерлеменің өзі өте жоғары көрсеткіш. Ол қарыз алушыға үлкен қарыз жүктемесін және айтарлықтай артық төлемді тудырады. Біз ипотекалық несиелердің мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болуы керек деп есептейміз. Алайда, қазіргі таңда инфляциямен күрес жүріп жатқандықтан, базалық мөлшерлеме жоғары деңгейде қалып отыр. Сол себепті пайыздық мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендету кейінге қалдырылды, – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, бастапқы жарнаға қатысты бірқатар тетіктерді қарастырып жатыр.

Егер бастапқы жарна үлкен болса, мысалы, 70% деңгейінде болса, онда пайыздық мөлшерлеме төмен болуы мүмкін. Ал егер бастапқы жарна 30%-дан аз болса, мөлшерлеме жоғары болуы тиіс. Бұл адамдарды тым аз жарнамен несие алуға итермелемеу үшін қажет, – деді агенттікбасшысы.

Жаңа әдістеме тәуекелі жоғары қарыз алушыларды анықтау жүйесімен толықтырылады.

Ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме дифференциалды болады. Алайда тіпті 20% деңгейінде болса да, біз мұндай нарықтық ипотеканың кеңінен қолданылмауы тиіс деп санаймыз. Сондықтан мөлшерлемеден бөлек, нарықтық шарттармен ипотека ала алатын қарыз алушылар санатына шектеу қоюды ұсынамыз.

Мұндай жоғары нарықтық пайызбен ипотекаға тек табысы ортадан жоғары немесе жоғары азаматтар ғана үміткер бола алады. Ал табысы төмен немесе ортадан төмен азаматтар ипотеканы «Отбасы банкі» арқылы алуы керек, – деді Мәдина Әбілқасымова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: