Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов елде ипотекалардың қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сүлейменовтың айтуынша, Ұлттық банктің жоспарында – қамтамасыз етілмеген кредиттердің пайызын төмендету және тұтынушылық несиелендірудің теңгерімсіз өсуін шектеу үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін кезең-кезеңімен төмендету көзделген.
Ақшаның құнының өсуіне байланысты ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 25% деңгейінде уақытша сақталады. Бұл халық үшін ипотекалық кредиттердің қолжетімділігі мен банк секторындағы тұрақтылық арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді LTV көрсеткішіне (клиентпен барлық өзара іс-қимыл кезеңінде компания алатын табыстың үлесі) байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тәсіл кредиттің қамтамасыз етілу деңгейін және нақты нарықтық жағдайларды ескеретіндіктен, неғұрлым ұтымды әрі экономикалық негізделген шешім, – деді ол.
Оның сөзінше, инфляциялық қысымды төмендету үшін бөлшек тауарларды бөліп төлеу және “қазір сатып ал – кейін төле” қызметтерін реттеу бойынша тәсілдер әзірленетін болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
