Жұма, 27 желтоқсан, 05:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Экономист өзгелермен салыстырғанда жылдам өсетін екі валютаны атады

20.02.2022

1544 0

Бүгінгі таңда ең перспективалы валюталар ішінде доллар мен швейцариялық франк көш бастап тұр. Мұндай пікірмен Ресей халықтар достығы университеті Бизнес және халықаралық экономика институтының доценті Владимир Григорьев бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Прайм» басылымына сілтеме жасап. 

Экономист долларды әмбебап төлем құралы деп атады. Сонымен ол АҚШ экономикасының әлемдегі ең ірі екенін де атап өтті. Оның сөзінше, еуро тек бірнеше елде ғана қолданылғандықтан мұндай мүмкіндікке ие бола алмайды. 

«Үздіктер қатарында швейцариялық франк та бар. Себебі Швейцария – әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты ел. Сондықтан франктың доллар мен еуроға қарағанда одан әрі нығаюына барлық жағдай жасалған», – деді Григорьев. 

Геосаяси жағдай нашарлағандықтан қаржы нарығында Ресей рублі құлдырап кеткен. Ал Мәскеу биржасы 5,2 пайыздан айырылып, 3465,6 пунктке төмендеген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: