Сәрсенбі, 19 қараша, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Картоп бағасы тағы қымбаттады ма? – Үкімет жауабы

19.11.2025

41 0

Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер вице-премьерден: «Картоп 4,5% қымбаттады деген ақпарат болды. Бірақ оны кім нақты байқады? Жалпы, картоп бағасының осындай деңгейде өсетінін күттіңіздер ме? Егер күтсеңіздер, неге алдын ала шара қабылданбады?» деп сұрады.

Жоқ, 4 емес, 2,2%. 4,5 деп емес, соңғы 2 аптада 2,2% өсім туралы айтылды. Шын мәнінде, біз бұны күттік. Неге? Себебі Қазақстанда негізгі жеткізуші бар, оның көлемі шамамен 2,9 миллион тоннаны құрайды. Бізге жылына адам басына шамамен 1 миллион тонна қажет. Бұл туралы біз бірнеше рет айтқанбыз: экспорттың шекті деңгейінен асқанда, яғни 500 мың тоннаға түскенде, біз экспортты тежеуге кірісеміз деп айтылды, – деп жауап берді вице-премьер.

Айтуынша, қазір көрші елдерге экспорт жасап отырғандар бар, олар табыс тауып жатыр.

Біз оған кедергі келтірмейміз. Бірақ ішкі нарықты қамтамасыз ету мәселесі туындаған сәтте, қоры 500–600 мың тоннаға түссе, біз экспортқа шектеу қоюға мәжбүр боламыз. Тіпті толық жабуымыз мүмкін. Өйткені ол кезде сөз ішкі азық-түлік қауіпсіздігі туралы болады. Қазір сол кезең келді және біз халықаралық сауда талаптарына сай тиісті шектеу шараларын қолдану мәселесін қарап жатырмыз. Сіз айтып отырған баға өсімі негізі айтарлықтай үлкен емес. Қазір 180 теңге тұратын картоптың былтыр 300–400 теңгеге дейін қымбаттағанын ұмытпаңыздар. Ол көктемде болады. Сондықтан қазіргі баға қалыпты деп есептеймін, – деді Серік Жұманғарин.

Ал жағдайдың тағы қайталанып, тапшылық болады деп алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Біз қазір мына жайтты көріп отырмыз: шамамен 300 мың тонна экспортқа кеткен, тағы 200 мың тоннаға тыйым салынды. Яғни олар әлі толық экспорттап үлгерген жоқ. Сол себепті дәл қазір алдын ала шараларды қолданып жатырмыз, – деді ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: