Сәрсенбі, 22 қазан, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

22.10.2025

38 0

Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматыда Halyk Oiy Tech атты IT конференциясы өтіп, онда әзірлеушілер, инженерлер және цифрлық сала мамандары бас қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Конференция қатысушылары Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуын, киберқауіпсіздік пен цифрлық сервистердің болашағын талқылады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, Egov жүйесін демонополизациялау туралы шешім жаңа цифрлық өнімдерді дамытуға мүмкіндік ашты. Енді көптеген мемлекеттік қызмет азаматтарға үйреншікті қосымшаларда, соның ішінде банк қосымшаларында да қолжетімді.

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

Сондай-ақ вице-министр банк секторларының, телеком-операторлар мен мемлекеттік органдардың алаяқтыққа қарсы күрес бағытында бірлесе жұмыс істеуінің маңызын атап өтті.

«Алаяқтықпен күрес (антифрод) бағытын ерекше атап өткім келеді. Бұл тек банктердің ғана емес, телеком-операторлар, электрондық үкімет және реттеуші органдардың да ортақ ісі. Экожүйенің барлық қатысушысының бірлескен жұмысы ғана пайдаланушыларды қорғауға және цифрлық қызметтерге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы бізге үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу қажеттігін айтып, өршіл мақсат қойды, – деді Ростислав Коняшкин.

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова да жасанды интеллектіні енгізу жаңа компаниялардың іске қосылуын жеделдетіп, клиенттерге қызмет көрсетудің тиімділігін арттырғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект код жазуда, клиенттердің өтініштерін өңдеуде, құжат айналымын оңтайландыруда, маркетинг пен тәуекелдерді басқаруда қолданылады. Біз күн сайын 2 миллионнан астам сұранысты, клиенттік операциялардан бастап аналитикалық тапсырмаларға дейін өңдейміз. Ай сайын 10 миллионнан астам адам біздің цифрлық сервистерімізді пайдаланады. Қосымшада 66-дан астам мемлекеттік қызмет түрі біріктірілген, ал көрсетілген қызметтердің жалпы саны 50 миллионнан асты», – деді Үміт Шаяхметова.

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

Банктың IT жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Андрей Заварзиннің айтуынша, соңғы онжылдықта ақпараттық технологиялар саласы бірнеше кезеңнен өтті. Оқшауланған командалар мен орталықтандырылған құрылымдардан қазіргі кезеңге дейін, яғни IT мен бизнес біртұтас жүйе ретінде әрекет ететін деңгейге жетті.

Оның пікірінше, бүгінде жаңа кезең «кентавр дәуірі» басталды. Бұл дәуірде мамандар технологиялық және басқарушылық құзыреттерді өз бойында ұштастыра біледі.

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

Айта кетейік, Қазақстанда жеке деректердің таралуының алдын алу шаралары күшейтілді.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтардың жеке деректері медициналық ұйымдарда ақпараттың тиісті деңгейде сақталмауынан таралып кетті деп мәлімдеген еді.
Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

Кентавр дәуірі: ІТ мен бизнес тоғысқан жаңа кезең

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: