Сейсенбі, 22 шiлде, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

«Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған»: Ұлттық банк жалған ақшаға қатысты үндеу жасады

22.07.2025

60 0

Фота: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк жалған ақша белгілеріне қатысты қазақстандықтарға үндеу жасап, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сомасы 465 150 теңге болатын 96 жалған ақша белгісі (93 банкнота және 3 монета) анықталған.

Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 5 000 теңгелік 85 дана жалған банкнота тәркіленген. Бұл жалпы тәркіленген ақшалардың – 88,5 пайызы.

«Одан кейін 5 дана (5,2 пайыз) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1 пайыз) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2 пайыз – монеталарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Осы орайда Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.

Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазды қолдана отырып, түрлі түсті принтер және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.

Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады. Жалған банкнотада арнайы белгі жоқ.

«Қазақстан Ұлттық банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады.

Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн», – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Шынайы банкноталарда қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: