Сейсенбі, 28 қазан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Көктемге дейін тарифтер көтерілмейді, бірақ одан кейін не болады?

28.10.2025

60 0

Фото: -архив/ BAQ.KZ

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкіметте өткен брифингте мемлекет бойынша коммуналдық жүйелерді модернизациялау жұмыстары тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол қазір тарифтерге қатысты мораторий бар екенін ескертті.

Бірінші тоқсанның соңына дейін тарифтер көтерілмейді. Алайда жөндеу және модернизациялау жұмыстары толық көлемде жүргізіліп жатыр, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тарифтің өсуі немесе көктемде қандай пайызға көтерілуі мүмкін екендігі әзірге белгісіз.

Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігінің құзыретінде, қазіргі уақытта барлық инвестициялық жоба белсенді түрде іске асырылып жатыр, – деп нақтылады Жаркешов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: