Желтоқсан айында Қазақстанда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемі уақытша азайды. Бұл туралы 13 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жеткізілім көлемінің қысқаруы ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан кейін ВПУ-3 алыстатылған айлақ құрылғысының жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылуына, сондай-ақ Қара теңіз акваториясындағы қолайсыз ауа райына, оның ішінде дауылдарға байланысты болған.
Мұнай өндірудің тоқтап қалуына жол бермеу және сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту мақсатында Энергетика министрлігі экспорттық ағындарды қайта бөлген. Мұнай көлемінің бір бөлігі балама бағыттарға қайта бағдарланған.
Атап айтқанда, Атырау – Самара бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі артты, сондай-ақ Қытайға жеткізілімдер көбейді. Ал өзге экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау көлемі орташа жоспарлы көрсеткіштер деңгейінде сақталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
