Дүйсенбі, 03 қараша, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Кредиттік бюролар МҚҰ мен коллекторларға берешегі бар қазақстандықтар туралы деректерді МКК жолдайды

03.11.2025

76 0

Фото: freepik

Қаржы министрлігі 2025 жылғы 24 қазандағы бұйрығымен жеке тұлғалардың микрокаржылық және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі жөніндегі деректерді кредиттік бюролардан Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) ұсыну қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар кредиттік бюролардың активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыру міндеті бар жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына беру тәртібін белгілейді.

МКК әр есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасына дейін активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтардың тізімін қалыптастырады (31 желтоқсандағы жағдай бойынша).

Тізім дайындалған күннен бастап 10 күн ішінде Комитет бұл мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлері) автоматтандырылған түрде Smart Data Finance ақпараттық жүйесі арқылы кредиттік бюроға жібереді.

Өз кезегінде, кредиттік бюро Комитеттен алынған мәліметтерді алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың кредиттік есептерінен төмендегі деректерді сол жүйе арқылы кері жібереді:

  • коллекторлық ұйымдар алдындағы берешек туралы мәліметтер;
  • микрокаржылық ұйымдар алдындағы берешек туралы мәліметтер.

Комитет пен кредиттік бюролар алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге және салықтық не өзге де заңмен қорғалатын құпия деректердің таралуына жол бермеуге міндетті.

Мәліметтер нысандарында төмендегідей ақпарат көрсетіледі:

  • салық төлеушінің ЖСН-і;
  • бастапқы берешек сомасы (әр ұйым бойынша жеке толтырылады);
  • коллекторлық ұйымның немесе микрокаржылық ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
  • олардың БСН-і;
  • несие шартының күні мен нөмірі;
  • кредиттік есеп күні бойынша берешек қалдығы;
  • есеп берудің соңғы күні бойынша кредиттік есеп күні.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: