Сәрсенбі, 08 қазан, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды

08.10.2025

138 0

Фото: архив/ Арман Мухатов

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, құрылыс саласы – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салаларының бірі. Бұл сектор Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 6 пайызын құрайды және өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда шешуші рөл атқарады.

Соңғы 15 жылда құрылыс саласы орта есеппен жылына 7 пайыздық өсімді көрсетіп келеді. Бұл тұрақты даму қарқыны жаңа талаптар мен заманауи реттеу тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алайда, ширек ғасыр бойы қолданыста болған құрылысқа қатысты заңнама осы уақыт аралығында 130-дан астам рет өзгертілген. Соның салдарынан құқықтық реттеудің бірізділігі төмендеген, – деді министр Мәжілісте.

Нағаспаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Құрылыс кодексін қабылдау – уақыт талабы екенін айтты.

Жаңа Кодекс жобасы қазіргі заман талаптарына сай әзірленіп, саланың тұрақты әрі сапалы дамуына құқықтық негіз болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: