Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттің сыртқы қарыздары: Қазақстан кімге және қанша теңге қарыз?

19.04.2023

724 0

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарыздары 54 миллиард доллар немесе 25 триллион теңгеден асады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство өкілдері жалпы соманың 47 миллиард доллары (22 триллион теңге) үкіметтік қарыздар екенін айтады. Оның ішінде 7 триллион теңге (16 миллиард доллардан астам) сыртқы қарыздар екен. 

Үкіметтік қарыздардың басым бөлігі ішкі қарыздар екен, оның сомасы 14 триллион теңгеден асып жығылады. Мұндай деректермен Қаржы министрлігі Tengrinews.kz басылымының ресми сұрауына берген жауабында бөлісті. 

Министрлік ұсынған мәліметтерге сәйкес ішкі қарыздардың 10,9 триллион теңгесі мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер. 1,2 триллион теңгеден астамы – орта мерзімді қазыналық міндеттемелер. Тағы 1 триллион теңгесі – мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазыналық міндеттемелер. Ал TONIA ставкасы бойынша индекстелген мемлекеттік қазыналық міндеттемелер 814 миллиард теңгеден асады.

Сыртқы мемлекеттік қарыздар

Сыртқы қарыздардың басым бөлігі халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған несие екен. Мысалы, Халықаралық жаңғырту мен даму банкі алдындағы қарыз 1,6 триллион теңге, Еуропалық жаңғырту және даму банкі алдындағы қарыз 54 миллиард теңге екен. Ал Азия даму банкінде 908 миллиард теңге, Ислам даму банкіне 38 миллиард теңге берешек бар. Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі алдындағы қарыз 326 миллиард теңге болса, Қытай Халық Республикасының экспорт-импорт банкі алдындағы қарыз 56,8 миллиард теңге екен. Сондай-ақ шетелдік коммерциялық банктер алдында мемлекеттің 92,5 миллиард теңге қарызы бар. 

Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы құны 514 миллиард теңгеден асып жығылады. 

Сыртқы мемлекеттік қарыздардың қатарында шетелдік коммерциялық банктер мен өзге мемлекеттердердің үкімет ұйымдары алдындағы берешектер бар. Олардың ішінде Кувейттік Араб экономикалық даму қорына 852 миллиард теңге, Жапония халықаралық серіктестік агенттігіне 115 миллиард теңге, Германия үкіметінің несие агенттігіне 3 миллиард теңге қарыз. 

Жалпы сыртқы қарыздың 4 триллион теңгесі еуррооблигациялар екен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: