Сенбі, 21 желтоқсан, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Министр нан неге қымбаттағанын түсіндірді

11.10.2022

860 0

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев нан бағасының неге өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, нан бағасы 11,9%-ке көтерілген.»Нан бірнеше себепке байланысты қымбаттауы мүмкін. Электр энергиясы, коммуналдық қызметтер қымбаттап жатыр. Сол себепті жалпы баға өсімі бар. Біз оны көріп отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз», – деді министр үкімет кулуарында.

Қарашөкеев бағаның күрт өсуіне негіз жоқ екенін атап өтті. Өйткені биыл ұн былтырғымен салыстырғанда мол өндіріліп жатыр.»Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы бидай болады», – деді ведомство басшысы.

Ол барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің, соның ішінде әлеуметтік ұнның бағасы бақылауда болатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: