Иранның әскери қолбасшылығы 11 наурызда әлем мұнай бағасының барреліне 200 долларға жетуіне дайын болуы керектігін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме қоршауға алынған Парсы шығанағында тағы үш сауда кемесі шабуылға ұшырағаннан кейін жасалды, – деп хабарлайды kursiv.media
«Мұнайдың барреліне 200 доллар болуына дайындалыңдар – баға сіздер тұрақсыздықты тудырған өңірдегі қауіпсіздікке тікелей байланысты», – деп мәлімдеді Иран қарулы күштерінің өкілі Эбрахим Зольфакари.
Сондай-ақ ол Иранның АҚШ немесе Израильмен жұмыс істейтін банктерге шабуыл жасайтынын қосып, адамдарды мұндай нысандардан кемінде 1 000 метр қашықтықта жүруге шақырды.
Сонымен қатар, Парсы шығанағында ирандықтардың шабуылынан тағы үш кеме зардап шекті: тайландық балкер, жапониялық контейнер тасушы кеме және Маршалл аралдарының туы астындағы балкер. Экипаж мүшелері эвакуацияланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
