Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Мұнай өндіру мен экспорт жоспардан асты

17.12.2025

35 0

фото: ашық дереккөз

Биылғы 11 айда елдің мұнай-газ саласында негізгі көрсеткіштер жоспардан жоғары орындалды. Мұнай өндіру мен экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында Қазақстанда 91,9 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,1 пайызды құрайды. Сонымен бірге мұнай экспорттау жоспары да артығымен орындалған.

Вице-министрдің мәліметінше, 11 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 73,4 млн тоннаға жетіп, 2024 жылғы сәйкес кезеңнен 116,1 пайызға артқан. Осылайша 2025 жылға белгіленген 70,5 млн тонна мұнай экспорттау жоспары мерзімінен бұрын орындалды.

Газ саласында да өсім байқалады. Қаңтар–қараша айларында газ өндіру көлемі 62,8 млрд текше метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,7 пайызға жетті. Сұйытылған мұнай газын өндіру 2,8 млн тонна болды, бұл 101,8 пайызды құрайды. Ел аумағы арқылы газ транзиті 64,5 млрд текше метрге жетіп, өткен жылдың деңгейінен 100,9 пайызға асты.

Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы бағытында да оң динамика сақталды. Нефтепродуктілер өндірісі 14 млн тоннаға жетіп, 106,5 пайызды көрсетті. Ал мұнай-газ химиясы өнімдерін шығару көлемі 567,6 мың тоннаны құрап, 112,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: