Сәрсенбі, 01 сәуiр, 17:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Наурыздағы инфляция 11 пайызды құрады

01.04.2026

54 0

Фото: shutterstock

Қазақстанда инфляция деңгейі төмендеу үрдісін көрсетіп, наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық көрсеткіш 11,0%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Елдегі баға конъюнктурасында азық-түлік тауарлары 11,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар 11,3%-ға, ал ақылы қызметтер 10%-ға қымбаттады.

Тұтыну себетіндегі көкөніс өнімдері мен жарма түрлерінің арзандағаны байқалады. Атап айтқанда, қияр бағасы 22,6%-ға, пияз 10,9%-ға, қызанақ 2,6%-ға және қырыққабат 1,9%-ға төмендеді. Сондай-ақ қарақұмық жармасының құны 1,2%-ға азайды.

Сонымен қатар, кейбір өнімдердің бағасында өсім бар: тәтті бұрыш 10,7%-ға, банан 5,4%-ға, қызылша мен сәбіз 4,2%-ға қымбаттады. Сүт өнімдері мен ет өнімдеріне тоқталсақ, майлылығы 2-3% айран бағасы 2,3%-ға, ал сиыр бауыры 1,3%-ға көтерілді.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында бірқатар техника мен бұйымдар арзандады. Шаңсорғыш құны 8,2%-ға, үтік 7,7%-ға, смартфон 2,7%-ға төмендесе, автокөліктер 2,3%-ға және әйелдер сөмкесі 2,1%-ға арзандады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ақпан айында бұл көрсеткіш 11,7% болған еді.

Осылайша, елдегі инфляция қарқыны соңғы айларда біртіндеп бәсеңдеп келеді: атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсанында ол 12,3% болса, биылғы қаңтарда 12,2 пайызға, ал ақпанда 11,7 пайызға дейін төмендеген.

Алайда бұл көрші елдермен салыстырғанда ең жоғары. Қазақстан үшін 2026 жылға арналған болжам мұнай бағасының жоғары болуына байланысты қайта қаралды.

Бүгінде инфляция нысанасы 9,5-11,5% аралығында межеленіп отыр. Бұл көршілес елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: