Бейсенбі, 28 қараша, 16:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Несие беру талаптары күшейтіледі

23.02.2023

834 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Биыл несие беру талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Биыл агенттік тұтынушылық кредиттер нарығын тағы бір зерделеп шығады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар енгізіледі.

«Соның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу шаралары да бар. Одан кейін микроқаржы мен коллекторлық ұйымдарды реттеу жағы да күшейтіледі», – деді Әбдірахманов сенат отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде 28 микроқаржы ұйымы мен 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

«Биыл микроқаржы ұйымдары бойынша онлайн кредит беру мәселесіне баса назар аударылады. Бұр ретте кредит беру талаптары ғана емес, қарыз алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтіледі. Негізгі мақсат – алаяқтық жолмен кредит беру фактілеріне жол бермеу», – деп атап көрсетті Әбдірахманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: