Сейсенбі, 21 қазан, 20:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Несие тарихыңыздағы жасырын белгілер: банктер сізді қалай бағалайды?

21.10.2025

110 0

Фото: BAQ.KZархиві/Артём Чурсинов

Банк немесе микроқаржы ұйымы (МҚҰ) несие берер алдында әлеуетті қарыз алушының төлем қабілеттілігін мұқият зерттейді. Ол үшін қаржы ұйымдары скорингтік жүйелерді қолданады – бұл жүйелер несие тарихындағы деректерге негізделеді. Несие тарихы – әрбір клиенттің толық қаржылық құжаттамасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлық несие, қарыз, төлем кешіктірілімі және өзге де қаржылық міндеттемелер туралы ақпарат кредиттік бюроларда сақталады. Қазақстанда мұндай екі ұйым бар – «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (МКБ) және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (БКБ).

МКБ – Ұлттық банктің еншілес ұйымы. Ол екінші деңгейлі банктерден, микрокредиттік ұйымдардан, ломбардтардан, коммуналдық қызметтерден, байланыс операторларынан, коллекторлық агенттіктерден және басқа да қаржы нарығы қатысушыларынан ақпарат жинақтайды.

Ал БКБ – жеке компания, оған деректер ерікті түрде беріледі.

Кім несие тарихын қалыптастырады?

Несие тарихын бюролардың өздері емес, дерек беруші ұйымдар – банктер, микрокредиттік ұйымдар және тауарды бөліп төлеу арқылы сататын компаниялар жасайды.

Әрбір азамат өз несие тарихын және жеке несие рейтингін осы бюролардың біріне сұраныс жіберу арқылы тексере алады.

Маңыздысы – несие тарихына қол жеткізу тек қарыз алушының жазбаша келісімімен ғана мүмкін.

Неге несие тарихын тексеріп отыру қажет?

Мамандар несие тарихын жарты жылда бір рет тексеріп тұруды ұсынады. Бұл деректердің дұрыстығына көз жеткізуге және үшінші тұлғалар рәсімдеген жалған несиелерді немесе қателіктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Деректер қанша уақыт сақталады?

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және несие тарихын қалыптастыру туралы» Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес, кредиттік бюролар несие тарихы субъектісі жөніндегі соңғы деректер алынған күннен бастап бес жыл бойы ақпаратты сақтауға міндетті.

Бұл мерзім несиенің берілген күнінен емес, қарыз толық өтелген немесе дау шешілген күннен бастап есептеледі. Яғни егер кешіктірілген төлем бұрын жабылған болса да, ол туралы ақпарат банктер мен МҚҰ үшін әлі бірнеше жыл бойы көрініп тұрады және жаңа несие алу кезінде шешімге әсер етуі мүмкін.

Қаржылық тәртіп – сенім кепілі

Жеке несие рейтингіңізді жоғары деңгейде сақтау үшін мамандар барлық қаржылық міндеттемелерді уақытында орындап, несие тарихын тұрақты түрде бақылап отыруға кеңес береді. Бұл күтпеген бас тартулардан сақтап, тиімді шарттармен несие алуға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: