Сәрсенбі, 27 қараша, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Облыстық бюджет 100 процентке орындалды

11.02.2022

1264 0

Облыстың бюджет қазынасы 2021 жылдың қорытындысымен 100,7 пайызға орындалып, 2,6 млрд.теңге қаржы артық түсті. Кірістер көлемі – 102,7 пайызды құраса, шығыс жоспары 98,1 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова мәлімдеді.

– Аймақ бюджетінің шығыс жоспары 98 пайызға игерілді. Ал игерілмеген қаржы көлемі – 7,5 млрд.теңгені құрады. Оның 3,6 млрд.теңгесі бюджет қаржысының үнемделуінен болса, 3,9 млрд.теңге басқа да субьективті салдардан орындалмады. Жалпы бөлінген қаржылардың уақытылы игерілмеуінің негізгі себебі – мердігерлер мен тауар жеткізушілердің өз міндетін толық орындамауынан болды. Жалпы жыл басынан бері коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру арқылы бюджетке 294,5 млн. теңге түсті. Бұл соңғы 5 жыл ішінде болған ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, жекешелендірудің кешенді жоспарына 13 нысан енгізілген. Оның 9-ы коммуналдық меншіктегі нысан. Ашық электронды сауда-саттыққа тозығы жетіп ұсынылған 100 автокөлік пен бір ескі ғимарат аукцион арқылы сатылып, бюджетке 60,0 млн теңге қаржы түсті, – деді басқарма басшысы Елена Шаврова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: