Қазақ атлеттері қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жүрсе, Ұлттық банк «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» күміс монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды kursiv.media
Шорт-трекшілер құрметіне
Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 2 мың дана.
Қазақстан теңге сарайында дайындалған монеталар 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Монета аверсінде шорт-трекшілер бейнеленген. Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі. Ол 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бар.Танталдан дайындалған монета 18 ақпаннан бастап сатылады.
Байқоңыр құрметіне

Сонымен бірге, Ұлттық банк «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасын шығарды. Ол толықтай танталдан дайындалған. Монета аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы қолданылған.
Монета массасы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 2 мың теңге, таралымы – 500 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады. Сонымен бірге елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
