Бейсенбі, 12 ақпан, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеу жалғасады

12.02.2026

60 0

Фото: kursiv.media мұрағаты

Мемлекет «Отбасы банк» салымшыларына заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайынғы сыйлықақыны төлеуді жалғастырады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Вице-министрдің сөзінше, сыйлықақыны есептеу тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.

«Мемлекет өз мойнына алған барлық міндеттемелерін орындайды. Наурыз айында сыйлықақыны есептеу тәртібі өзгермейді. Заңға сәйкес, мемлекеттік сыйлықақы бюджет қаражаты есебінен төленеді. 20 пайыз көлеміндегі сыйлықақы 1 наурызда есептеледі», – деді Темірбеков Сенат кулуарында.

Сондай-ақ вице-министр мемлекетке тиесілі дивидендтердің де мемлекеттік қаражат санатына жататынын, сондықтан олар банктің меншікті қаражаты болып есептелмейтінін атап өтті.

Мемлекеттік сыйақы

2025 жылы үшін мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері  157 280 теңге болды. Бұл соманы жыл ішінде депозитін кемінде 200 АЕК-ке (786 400 теңге) толықтырған салымшылар алады.

Яғни, жылдық ең жоғары мемлекеттік сыйақыны алу үшін депозитті кемінде 200 АЕК көлемінде толықтыру қажет.

2026 жылы АЕК мөлшері 4325 теңге болады. Соған сәйкес, мемлекеттік сыйақының ең жоғары сомасы 173 000 теңгеге дейін өседі.

Бұл қаражатты салымшылар 2027 жылдың көктемінде алады, ол үшін 2026 жыл бойы депозитін кемінде 865 000 теңгеге толықтыру қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: