Бейсенбі, 08 қаңтар, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Отбасы банкі 100 млрд дивиденд төледі

07.01.2026

91 0

фото: коллаж kursiv.media

«Отбасы банкі» 2024 жыл үшін 100 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі. Қаржы мекемесінің 100 пайыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі, – деп хабарлайды  kursiv.media

Холдинг атауын, жұмыс істеу мақсатын өзгерткеніне қарамастан, ірі активтері бойынша дивиденд қабылдауды тоқтатқан жоқ. «Отбасы банк» 2024 жылға арналған төлемді 2025 жылғы 30 желтоқсанда толық аударып бітті. Үшінші әрі соңғы транш 15,4 млрд теңге болды. Мәлімет Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.

Осының алдында қаржы мекемесі холдингке екі мәрте – шілде және маусым айларында 42,2 млрд теңгеден аударған. Осылайша қарапайым акциялар бойынша үш траншпен төленген дивидендтің жалпы көлемі 100 004 603 400 теңге болды.

«Отбасы банкі» 2003 жылғы 10 шілдеде құрылған. 2017 жылдан бері осы мекемені Ләззат Ибрагимова басқарып келеді.

Тұрғын үй құрылысы және жинақ жүйесін жүзеге асырумен шұғылданатын банктің құрылтайшысы – Қазақстан үкіметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: