Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы саласын реттеуші органдарға Үкіметпен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды kursiv.media
Құжатта қаржы тұрақтылығына зиян келтірмеу, алаяқтыққа және капиталды заңсыз шығаруға қарсы тиімді күрес шаралары ескерілуге тиіс.
Одан бөлек криптоиндустрияны дамыту мәселесін де көтерді. Оның сөзінше, саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер биыл мамыр айында күшіне енуі керек.
Дербес деректерді қорғау күшейтіледі
Президент деректерді басқару жүйесін де жетілдіру қажет екенін айтты. Тоқаев пікірінше, деректердің сапасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауап беруі тиіс, ал деректерді басқарудың толық мемлекеттік жүйесін қалыптастыру оны экономикалық актив ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысы құпиялылықты сақтаудың, дербес дерекке заңсыз қол жеткізудің кез келген түріне тосқауыл қоюдың маңызына назар аударды. Президенттің пікірінше, жеке мәліметтің тарап кету жағдайлары мемлекетке деген сенімді азайтады», – деп хабарлайды Ақордадан.
Тоқаев «Digital Qazaqstan» жобасын талқылау үшін үкімет мүшелерімен жолыққан. Арнайы баяндама жасаған ол банктерге де ескерту жасап өтті. QR-төлем жүйесін барлық банк енгізбей жатқанын айтып, жеделдетуді тапсырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
