Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде комиссия отырысы өтті

19.05.2023

1501 0

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен өткен қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында үш мәселе қаралды.

Күн тәртібінде бірінші – мүгедектігі бар әйелдерге көмек көрсету және жұмысқа орналастыру мәселесі қаралып, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілетілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

– Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасы мүшелеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға және мүгедектігі бар тұлғаларға жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берілуде. Грантқа қатысу үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1307 әйел оқытылған, оның ішінде мүгедектігі бар әйелдердің саны 224-ті құрайды. Конкурстың 1-ші ЛЕК-нен мемлекеттік грантқа ие болған 95 адамның ішінде 63-і әйелдердің үлесінде. Осы бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде жалғасын табатын болады, – деді бөлім басшысы.

Осы ретте, Жанмұрат Жақсымұратұлы әлеуметтік осал топтағы әйелдерге көмек және қолдау көрсету шараларын ұдайы жүргізуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Қызылорда қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннат Садуақасова кеңестің атқарған жұмыстарын айтып өтті.

Жаннат Мылтықбайқызы қоғамдық бірлестіктің қызметі нәзік жандылар арасында кәсіпкерліктің дамуына, отбасы институтын нығайту, отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу, ана мен балалар құқығын және денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды істерді ілгерлетуге бағытталғандығын айтып, алдағы уақытта қиын жағдайда қалған азаматшаларды қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарға енгізілгендігін атап өтті.

Кеңес мүшелері қоғамдық бірлестік төрайымына денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ерте жүктілік мәселесінің алдын алу, қыздар арасында жыныстық сауаттылық пен ұлттық тәрбиені дамыту мақсатында жүйелі жұмыстарды жүргізу бойынша ұсыныстар берді.

Кеңесте көтерілген тақырыптардың бірі қаламыздағы жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсау мен түрлі құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселесі болды. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің бас маманы Самат Күнқожаев баяндап өтті.

Кеңес төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстарын күшейтуді, мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру барысында заң талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді болдырмауды және мектептердегі діни сауаттылықты арттыру ұлттық мәдениет пен құндылықты дамыту бағытында түсіндірме жұмыстарын жандандырып, теолог мамандарының балалармен тығыз жұмыс жасауын бақылауға алу керектігін де тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы кеңес отырыстарының күн тәртібіне қоғамдағы ең өзекті деген мәселелер бойынша ұсыныс енгізуді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: