Жексенбі, 24 қараша, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қант бағасы да түседі – комитет

13.10.2022

1248 0

Алдағы уақытта қант тапшылығы болмайды және оның бағасы төмендейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қант зауыттары басшылары мен Сауда және интеграция министрлігінің бірлескен жиынында Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлім етті.

«2028 жылға қарай өзіміздің өндірістен шыққан қызылшадан жасалатын қант көлемі көбейеді. Алдағы уақытта жыл басында болғандай тапшылық қайталанбайды. Қант бағасы 500-510 теңге көлемінде болады. Егер өзіміздің отандық қызылшадан жасалатын қант көлемі өссе, онда қанттың бағасы түседі», – деп атап өтті Ержан Қазанбаев.

Оның айтуынша, биыл жыл соңына дейін қант өндіруге қажетті шикізат шет елдерден импортталады.

Ал 2028 жылға қарай еліміз импортты азайтып, Қазақстанда қант қызылшасының егістік көлемін ұлғайту жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: