3 қарашада “Наурыз жұмыскер” бағдарламасына өтініш беру басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бағдарлама аясында 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде 2 000 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдер банк бөлімшелерінде қабылданады.
Өтінішті қалай беру керек?
– Банк филиалына жүгіну
– Жұмыс орнынан анықтама ұсыну (үлгісі hcsbk.kz сайтында жарияланған)
Кім қатыса алады?
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
– өнеркәсіп және құрылыс
– энергетика
– көлік
– ауыл шаруашылығы
– су ресурстары және ирригация
Ескерту: офис қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) бағдарламаға қатыса алмайды.
Бағдарлама шарттары қандай?
– Отбасы банкіне депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса)
– Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады)
– Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде тұрғын үйдің жоқтығын тексеруден өту
– Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау
Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
Несиелеу шарттары:
– Астана және Алматы – 36 млн теңгеге дейін
– Облыс орталықтары – 30 млн теңгеге дейін
– Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады
– Ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар.
Бастапқы жарна:
– Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін – 10%-дан бастап
– Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін – 20%-дан бастап
Несие мөлшерлемесі:
– 7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға
– 9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін
Несие мерзімі: 19 жылға дейін
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
– Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында
– Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
