Жұма, 23 қаңтар, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Қарыздар мен микронесиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі айқындалды

23.01.2026

52 0

Фото: Zakon.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкінің «Қарыздар мен микронесиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін айқындау туралы» бірлескен қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мынадай шекті деңгейлері белгіленді:

  • екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз банк қарыздары бойынша – 46%;
  • кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша – 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микронесиелер бойынша – 46%;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микронесиелер бойынша – тәулігіне 0,3 пайыздан аспайды, жылдық есепте 179 пайыздан жоғары емес.

Құжатта банк қарызы немесе микронесие беру туралы шарт жасалған күні, сондай-ақ банк қарызы немесе микронесие бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгергенде, не қарызды беру және қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге төлемдер енгізілген жағдайда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта белгіленген шекті деңгейден аспауға тиіс екені көрсетілген.

Сонымен қатар бірлескен қаулының 1-тармағының төртінші абзацының қолданылуын уақытша тоқтату жоспарланып отыр. Тоқтату кезеңінде аталған абзац мынадай редакцияда қолданылады:

  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, мөлшері 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микронесиелер бойынша тәулігіне 0,3 пайыздан төмен, жылдық есепте 179 пайыздан аспайтын мөлшерлеме белгілей алады.

Аталған құжат 9 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында орналастырылған.

Бұған дейін қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі белгіленгені және олардың жаңа құжатта ұсынылған көрсеткіштерден айырмашылығы жоқ екені хабарланған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: