2025 жылдың 10 айында қазақстандықтардың алған несиесі 3,7 трлн теңгеге өскен. Жыл басындан халықтың мойнындағы кредиті 22,4 трлн теңге болса, 1 қарашада 26,1 трлн теңгеге жеткен. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, жыл басынан бергі өсім 14,1 пайызды құраған, – деп хабарлайды kursiv.media
Жалпы 10 айда экономикаға берілген несие көлемі 41,9 трлн теңгеден 49,1 трлн теңгеге жеткен.
Соның ішінде 23,0 трлн теңге немесе жалпы кредиттің 46,8%-ы – бизнеске берілген кредиттер. Бұған қаржылық емес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің бизнес мақсаттарына алған қарыздары кіреді. Биыл бизнестің шетел валютасында алған кредитінің көлемі өсіп, 4,2 трлн теңгеден 5,3 трлн теңгеге жеткен.
Ал 26,1 трлн теңге немесе 53,2%-ы халықтың алған борышы. Қазақстандықтар несиені негізінен теңгеде рәсімдейді.
Экономикаға бөлінген кредиттердің 85,5% пайызын банктер беріп отыр. Алайда Қазақстанда кәсіпке кредит алу тым қымбат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
