Сәрсенбі, 05 қараша, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«Қаржылық ойыншылар» неғұрлым көп болса, бәсекелестік соғұрлым жоғары болады

05.11.2025

57 0

Фото: Мәжіліс

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев банктер мен банк қызметі мәселелері бойынша заң жобасына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен осы заң жобаларын қолдаймын. Бүгінгі банк заңнамасының реформалары – бұл соңғы жылдары қабылданған қаржы секторын дамыту бойынша кешенді шаралардың жалғасы, – дейді ол. 

Оның айтуынша, қарастырылып отырған жаңа заңда басқа да негізгі міндеттер шешіледі. Бұл нарыққа жаңа қатысушылардың келуі үшін жағдай жасау, бәсекелестікті арттыру, цифрлық қаржылық технологияларды дамыту және банктердің экономиканы қаржыландыруға қатысуы.

Жаңа заңның жекелеген ережелеріне тоқталып өткім келеді. Базалық лицензияны енгізу арқылы банк нарығына қол жеткізуді оңайлату көзделеді. Менің ойымша, бұл прогрессивті қадам. Елдегі көптеген ірі микроқаржы ұйымдары қазірдің өзінде жеткілікті капиталды жинады және аймақтық банкке айналып, шағын және орта бизнеске несие бере алады. Бізде «қаржылық ойыншылар» неғұрлым көп болса, бәсекелестік соғұрлым жоғары болады, ал бұл экономиканы несиелендіруге оң әсер етеді, – дейді Берік Бейсенғалиев.

Реттеуші тарапынан банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтарға ұсынатын қаржылық қызметтердің сапасына толық бақылау енгізіледі.

Бүгінгі таңда халықтың қаржылық сауаттылықдеңгейі өте төмен. Қарыз алушының қаржылықмінез-құлқына тәрбиесі, білімі, материалдық жағдайының деңгейі, ақшалай жинақтардыңболуы әсер етеді. Жаңа нормалар бойынша қаржы ұйымдары несие бермес бұрын кімге несие беретінін тексеріп, барлық тәуекелдерді бірден анықтауға міндетті болады, – дейді спикер. 

Жарнама немесе жосықсыз тәжірибелер арқылы қосымша қаржы өнімдерін шектен тыс ұсынуға жол берілмейді.

Сонымен қатар, банктер комиссия мен төлемдерді қоса алғанда, қаржылық өнімдертуралы толық ақпаратты ашып көрсетуі керек.

Сондықтан мінез-құлықты қадағалауды енгізу – бұл банктерді бағалауда, сондай-ақ пайда көру мен тұрақтылық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тұрғысынан да үлкен қадам.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: