Бейсенбі, 30 қазан, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін екі есе арттыруды көздейді

29.10.2025

186 0

Фото: freepik

Қазақстан 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін 450 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтып, кемінде 150 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мақсатқа жету үшін Үкімет Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын қабылдады. Құжат бизнестің біртұтас экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа тәсілдердің бірі – «инвестицияға тапсырыс беру» қағидаты, ол өңірлер мен салалардың бәсекелік артықшылықтарына сүйене отырып, нақты инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Инвестициялық штаб құрылып, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұл құралдар инвестиция тарту процесін жеңілдетіп, жобаларды нақты уақыт режимінде бақылауға жағдай жасайды.

Басым салалардағы құны 60 млн доллардан асатын жобалар үшін мемлекет 25 жыл бойы қазақстандық заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялық келісімдер жасауды көздеп отыр. 2024 жылы осындай 6 келісім, ал 2025 жылы тағы 21 келісім бекітілген.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инвесторларға жеңілдіктер ұсынылып, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) маңызды рөл атқаруда. АХҚО ағылшын құқығы қағидатымен жұмыс істейді және «жасыл» мен исламдық қаржы құралдарын дамытуға қолдау көрсетіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: