Бейсенбі, 08 қаңтар, 21:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді

07.01.2026

91 0

Фото: ашық дереккөз

Еліміз әлемдегі ең ірі экономикасы дамыған елдердің қатарына енді. Бұл туралы Visual Capitalist порталы Халықаралық валюта қорының деректеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Зерттеуде елдердің жалпы ішкі өнім көлемі мен 2000 жылдан 2025 жылға дейінгі орташа жылдық нақты өсім қарқыны есепке алынған.

Осы деректерге сәйкес Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде ең ірі 50 экономиканың қатарына кірген жалғыз мемлекет атанды. 

Әлемдік рейтингте Құрама Штаттар 30,6 трлн долларлық экономикасымен көш бастап тұр. Ал ең ірі 5 экономиканың қатарына Қытай, Германия, Жапония және Үндістан кірді. Соңғы 25 жылда АҚШ экономикасының орташа жылдық өсімі 2,1 пайызды құраған.

2000 жылдан 2025 жылға дейінгі кезең қорытындысы бойынша Қазақстан Қытай, Үндістан, Вьетнам және Бангладешпен бірге нақты жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 5,6 пайыз болған алғашқы 5 елдің қатарына енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: