Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына енді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алтын өндірісі екі есеге өсті
Оның айтуынша соңғы 10 жылда елімізде алтын кенін өндіру көлемі 2,2 есеге артты.
«Сәйкесінше тазартылған алтын өндірісі екі есеге өсті. Осылайша Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кірді», – деді Иран Шархан.
Вице-министрдің мәліметінше бұл 420 миллиард теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Барлау алаңы ұлғайтылады
Ол 2026 жылға қарай барлау алаңын 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша 2025 жылы алтын қоры бойынша ТОП-3 ел:
- АҚШ (8,13 мың тонна),
- Германия (3,35 мың тонна),
- Италия (2,45 мың тонна).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!