Сәрсенбі, 29 қазан, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан экономикасы тұрақты өсім қарқынын сақтап келеді

29.10.2025

74 0

Фото: freepik

Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 6,3% өсім көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономикалық белсенділік кезең сайын артып келеді: қаңтарда – 3,8%, қаңтар-ақпанда – 5,4%, қаңтар-наурызда – 5,6%, ал қаңтар-тамыз аралығында – 6,5% болды.

Өсімнің негізгі қозғаушы күштері көлік және қоймалау қызметтері (+21,2%), құрылыс (+14,9%), сауда (+8,8%), тау-кен өндірісі (+9,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,2%) салалары болып отыр. Бұл экономиканы әртараптандыру мен салалар арасындағы теңгерімді дамудың нәтижесін көрсетеді.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты дамуға негіз болуда. 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында инвестициялар 13,5%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 30,7%-ға артқан.

Мұндай жандану іскерлік белсенділіктің артуымен, екінші деңгейлі банктердің бизнеске несие беру көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асуымен байланысты. Олардың қатарында «Тарифті инвестицияға айырбастау» және «Келешек мектептері» бағдарламалары бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: