Сенбі, 08 қараша, 15:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Араб елдері экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде

08.11.2025

55 0

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының орынбасары, Экономикалық қатынастар секторының басшысы Әли ибн Ибрахим әл-Мәлкимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады. Елші Асқар Жеңіс Араб мемлекеттерінің лигасына Қазақстанмен әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ағымдағы жылдың қазан айында Астанада өткен Kazakhstan Energy Week аясындағы ШЫҰ мен АМЛ өкілдерінің алғашқы кездесуі табысты өткенін атап өтті.

Өз кезегінде Әли ибн Ибрахим әл-Мәлки Қазақстан мен араб елдері арасындағы инвестициялық және сауда байланыстарының серпінді дамып келе жатқанын, сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің зор әлеуеті бар екенін айтты. Ол Қазақстанның инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктерін – қолайлы инвестициялық ахуал, тұрақты іскерлік орта және энергетика, инфрақұрылым мен логистика салаларындағы әлеуетті ерекше атап өтті.

Араб мемлекеттерінің лигасы мен Араб сауда-өнеркәсіп палаталары одағының әлеуетін пайдалана отырып, жаңа инвесторларды тартуға және бизнес қауымдастықтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге дайынбыз, – деді Әли ибн Ибрахим әл-Мәлки.

Кездесу қорытындысында тараптар экономикалық өзара іс-қимылға жүйелі сипат беру, сондай-ақ араб әлемі мен Орталық Азия елдері арасындағы тәжірибе, инвестиция және технология алмасуын жаңа деңгейге көтеру ниетін растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: