Сәрсенбі, 05 қараша, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Қытай теміржолда өзара ауысым жүйесін енгізеді

05.11.2025

51 0

Фото: pixabay

Қазақстан мен Қытай шекаралық өткелдердің тиімділігін арттыру және жүк тасымалының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шекара маңындағы теміржол станцияларының ауысымдық қызметкерлерін өзара аумаққа кіргізу тәртібі жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл шешім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары арасындағы бірлескен комиссия отырысының қорытындысында қабылданды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Достық және Алтынкөл станцияларында қытайлық қызметкерлерге арналған ғимараттарды жөндеп, қауіпсіз әрі жайлы еңбек етуге жағдай жасаған.

Келісім шекарадағы әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, құжат айналымын жеделдетуге және станциялардың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауысымдық қызметкерлердің көршілес елдер аумағына шығуы 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: